Қазақстанда алғаш рет дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионат өтті
![Қазақстанда алғаш рет дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионат өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/201131_86bc6c0074d9515f82a29a046d745e91.jpg?v=28662914)
16 қазанда Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда дәстүрлі садақ атудан әртүрлі жас санатында алғаш рет I Республикалық чемпионат өтті.
Айта кетейік, мұндай чемпионат елде алғаш рет өткізіліп отыр. Дәстүрлі садақ ату сайысына еліміздің әр өңірінен 200-ден астам садақшы қатысты.
Чемпионатқа Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.