русский язык
Футбол

Сычев «Оқжетпестен» кетпейді

Сычев «Оқжетпестен» кетпейді

Атақты футбол агенті Рустам Раджабов көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Дмитрий Сычевтің қазақстандық клубтан кетпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Дмитриймен сөйлестім. Оның клубтан кетуі туралы ақпарат өтірік. Сычев командада 100 пайыз қалады. Қазір жарақатынан айығып, жаттығу жұмыстарын өткізуде. Бір-екі күннен кейін Қазақстанға келіп, жалпы топта жаттығуын бастайды. Бапкерлік штаб пен басшылық оның оралуын күтіп, оған сенім артып отыр. Ал БАҚ-та жазып жатқанның бәрі – өтірік», - деді Раджабов.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;