«Барыс» - «Торпедо» матчының тікелей трансляциясы
![«Барыс» - «Торпедо» матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/472_cd01b1b4df91a90be00c0acb95ff9ce6.jpg?v=28673245)
17 қазанда астаналық «Барыс» өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚХЛ-дағы кейінгі ойынында «Барыс» хабаровскілік «Амурды» 5:1 (1:1, 3:0, 1:0) есебімен жеңсе, «Торпедо» Магнитогорскінің «Металлург» командасынан 2:1 (0:0, 0:1, 2:0) есебімен жеңіліп қалған.
Айта кетейік, осы маусымда командалар Нижний Новгородта кездесу өткізіп, «Торпедо» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Барыс» - «Торпедо» ойыны Астана уақытымен 19:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» арнасынан көруге болады.
ФОТО hcbarys.kz