Ауыр атлетика

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлде алды

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп жазады Prosports.kz.

«Спорт Шрёдингера» телеграм-арнасы хабарлады.

«Артем Антропов Бахрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 96 келі салмақта қола медаль алды. Ол жалпы 377 (158+219) келіні көтерді. Бұл салмақта «алтынды» 2021 жылғы әлем чемпионы бахрейндік Лесман Паредес жеңіп алды 397 (182+215) келі, ал екінші орын тайпейлік Чэнь По-Дженге 383 (177+206) бұйырды», - деп жазады арна.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер