русский язык
Футбол

Табриз Хасанов: «Біздің топтың ойындары қиын болды»

Табриз Хасанов: «Біздің топтың ойындары қиын болды»
Әзірбайжан құрамасының аға жаттықтырушысы финалдық матчынан кейін Президент Кубогының баспасөз қызметіне кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Доп қақпа маңдайшасына тигеннен кейін қақпаға енген сияқты көрінді. Алайда, төреші басқаша қабылдады. Мүмкін оның шешімі дұрыс шығар. Біздің топтың ойындары қиын болды. Сол себепті финалда испаниялық футболшылардың шаршамағаны байқалды. Біз олардың мықты қарсылас екенін білеміз. Сол себепті қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуылға иек арттық.
 
- Сіздің команданыңыз қай уақыттан бері бірге ойнайды? 
 
- Бір жылдан сәл асты. Біз балаларды 16 жастан бастап жинаймыз.
 
- Осыған дейін финалда ойнадыңыздар, алайда бұл жолы сол табысты қайталай алмадыңыздар? 
 
- Өкінішті, алайда бұл — футбол. Қазіргі таңда испаниялық футболшылар мықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;