Жеңіл атлетика

Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Кувейтте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны бір күміс медальмен толықты.

Қазақстандық Алина Чистякова биіктікке секіруден 1.73 метрді бағындырып, күміс медаль жеңіп алды. Бұл біздің спортшыларымыздың құрлық додасында жеңіп алған үшінші жүлдесі.

Бұған дейін Сабрина Арзиева жаяу жүрістен чемпион атанса, Айбар Омар 1500 метрге жүгіруден қола медаль жеңіп алды. Кувейттегі құрлық чемпионаты 16 қазанда мәресіне жетеді.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер