русский язык
Футбол

Гоча Авсаджанишвили: «Біз финалда ойнауға дайындалдық»

Гоча Авсаджанишвили: «Біз финалда ойнауға дайындалдық»
Грузия құрамасының аға жаттықтырушысы Гоча Авсаджанишвили Қазақстан құрамасымен өткен ойыннан кейін турнирдің баспасөз қызметіне пікір білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Біз финалда ойнауға дайындалдық. Алайда, бір сары қағаз бізді үшінші орынға ысырып тастады. Маған оны түсіну қиын. Тамыз айында Польшада турнир өтеді. Ол жақта да жақсы командалар жиналады. Сол кезде балалардың деңгейін қараймыз. 
 
- Іріктеу турниріне негізгі құрамның ойыншылары толықтай жасақталды ма? 
 
- Бізде бір жартылай қорғаушы жетіспейді. Ол жарақат алған. Біздің команда үш жыл бойы бірге ойнап келеді. Қазан айында басталатын іріктеу кезеңіне толық дайын боламыз. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;