русский язык

«Тұранға» жаңа бас бапкер келді

«Тұранға» жаңа бас бапкер келді

Түркістандық «Тұран» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке 52 жастағы қазақстандық маман Қанат Мұсатаев келді.

Қанат Мұсаев Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының сайтында ұжымның бас бапкері ретінде көрсетілген.

Бұған дейін 52 жастағы қазақстандық маман "Ордабасы" және "Тарлан" клубының жаттықтырушылар штабында, сондай-ақ қарағандылық "Шахтер", "Тараз", "Оңтүстік Академиясы" және Қазақстан футбол федерациясының басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 22 турынан кейін "Тұран" командасы 25 ұпаймен 11-ші орында келеді.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;