Велоспорт

Сергей Пономарёв В тобындағы финалда мәреге бесінші келді

Сергей Пономарёв В тобындағы финалда мәреге бесінші келді
news-banner7
mobile-news-top

Франция астанасы Париж маңындағы Сен-Кантен-ан-Ивелин қаласында тректегі велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық Сергей Пономарёв кейрин бағдарламасында жарыс жолына шығып, 11-сатыдан көрінді. Сергей жартылай финалда алғашқы алтылықта өнер көрсетіп, мәреге 5-ші болып келді. В тобындағы финалға жолдама алған қазақстандық спортшы мұнда да бесінші сатыдан көрінді.

Бұл сында нидерландтық Харри Лаврейзен чемпиона атанса, отандасы Джеффри Хугленд күміс алды. Үздік үштікті колумбиялық Кевин Сантьяго Кинтеро Чаварро түйіндеді.

Биыл маусымда Сергей осы кейрин түрінен Делиде өткен велотректен ересектер арасындағы XXXXI Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, Франциядағы жаһан чемпионаты 16 қазанда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер