«Ақтөбе»-«Нымме Калью» кездесуіне билеттер онлайн сатылымға түседі
![«Ақтөбе»-«Нымме Калью» кездесуіне билеттер онлайн сатылымға түседі](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1435337730_749375412.jpg?v=28717518)
«Ақтөбе» футбол клубының ойындарына билетті ғаламтордан сатып алуға болады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Ақтөбелік команданың ойындарына билетті онлайн режимде aktobe-stadion.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттер сатылымға маусымның 30-ы түседі де шілденің 2-не дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» Еуропа лигасы аясында «Нымме Калью» командасымен күш сынасады. Кездесу 2-ші шілде күні өтеді.