Велоспорт

Аустралияда топ жарған велоспортшыға автокөлік сыйға тартылды

Аустралияда топ жарған велоспортшыға автокөлік сыйға тартылды
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана Аустралияда өткен велоспорттан әлем чемпионатында топ жарған Евгений Федоров жаңа автокөлікке ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Astana Motors компаниялар тобына кіретін Hyundai Trans Kazakhstan зауыты ел намысын абыроймен қорғаған велошабондозға осындай сыйлық жасады. Темір тұлпардың кілтін Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов табыстады.

Евгений Федоров Қазақстан ұлттық құрамасының велошабандозы. Ол бұған дейін де талай жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүрген. Талдықорғандағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт мектебінің түлегі. 23 қыркүйек күні велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан медаль тақты. Ондағы жарыс жолының ұзақтығы 170 шақырымға жуық.

Евгений Федоров, велоспорттан әлем чемпионы:

- Әрине маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысым шексіз. Менің Astana Kazakhstan Team командасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 2 жыл болды. Алдағы уақытта да бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Федерация басшылығы жетістігімді бағалап жатыр. Астана моторс компаниясына маған жасаған сыйлығы үшін рахмет. Жеңісті күндер әлі алда деп ойлаймын. Айта кетейік, Евгений Федоров 2012 жылы әлем чемпионы атанған Алексей Луценконың жеңісінен кейін араға 10 жыл салып әлем чемпионы жейдесін жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов жас спортышының талай биіктерді бағындыратынына сенім білдірді.

Нұрлан Смағұлов, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті:

- Біз әрине жеңімпазға қошеметімізді аямаймыз. Міне бүгін ол үйіне Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шыққан Hyundai Elantra көлігін мініп қайтады. Оның ата-анасына, жаттықтырушысына да ризашылығымызды білдірдік. Евгенийдің болашағы зор. Біз одан тек қана жеңіс күтеміз. Биыл Hyundai Trans Kazakhstan зауыты өндірістік қуаттылығын 47 мың автомобильге жеткізді. Келесі жылы кәсіпорын жылына 75 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер