русский язык
Футбол

Виктор Кумыков қызметінен кетпек

Виктор Кумыков қызметінен кетпек
Шымкенттік «Ордабасы» клубы «Астана» командасынан жеңілгеннен кейін Виктор Кумыков өз еркімен бас бапкерліктен босату туралы арыз жазды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Алайда, клуб басшылығы бапкердің арызын қабылдаудан бас тартты. Шымкенттік клуб алдағы уақытта Еуропа Лигасы аясында «Бейтар» командасымен күш сынасады. Сондықтан, клуб басшылары ресейлік маманнан айырылғысы келмей отыр.
 
Естеріңізге саламыз, 24 маусым күні шымкенттіктер өз алаңында «Астана» футболшыларынан 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ал бүгін «Ордабасының» 4 бірдей футболшысы трансферленетіні мәлім етілді.
 
Дереккөз: Bnews.kz сайты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;