Бублик Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
![Бублик Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/201736_c6b5122ce6910bae1d5b0e325d5b6f02.jpg?v=28674328)
Қазақстандық теннисші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Флоренцияда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында (АТР-250) франциялық Корентин Моутені (69-орын ATP) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.
Ширек финалда Бублик америкалық Джон Вольфпен кездеседі.