Наджарян «Шахтерден» кетті
![Наджарян «Шахтерден» кетті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1435299808_922703315.jpg?v=28718001)
«Шахтер» футбол мектебінің түлегі Геворг Наджарян қарағандылық командамен келісімін бұзды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлімдейді. Естеріңізге сала кетсек, Наджарян (U-17) Қазақстан құрамасының капитаны. Биылғы маусымда футболшы сегіз рет алаңға шығып, бір голдың авторы атанды.
Қазіргі таңда, «Шахтер» 11 ұпаймен турнир кестесінің түбінде келеді.