ҚФФ және Молдова футбол федерациясы ынтымақтастық аясында басты жобаларды анықтады
![ҚФФ және Молдова футбол федерациясы ынтымақтастық аясында басты жобаларды анықтады](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/472_f3c520aa3f6e010dd99b29edf939d78e.jpg?v=28669776)
Меморандум аясында қос тарап бұқаралық футбол, жаттықтырушы мамандар мен нұсқаушыларды даярлау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға келісті.
Сондай-ақ футбол мамандарының деңгейін арттыру мақсатында білім беру семинарларын ұйымдастырып, өзге де іс-шараларды бірлесе атқармақ.
ҚФФ кеңсесінде Молдова футбол федерациясының бас хатшысы Сергей Буялский Молдова аумағында бұқаралық, әйелдер және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған футбол жобаларын таныстырды.