«Барыс» талқандалған матчта қытайлық клуб хоккейшісі рекорд орнатты
![«Барыс» талқандалған матчта қытайлық клуб хоккейшісі рекорд орнатты](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/203991_7d325d07ea86c2282ca167ee766503be.jpg?v=28663142)
«Куньлунь» командасының 37 жастағы шабуылшысы Брэндон Йип қатарынан 5-ші матчта гол соқты, бұл клуб рекорды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Шабуылшы өзінің гол сериясын ҚХЛ-да «Барысқа» қарсы ойында (5:0) ұзартты.
Бұл қытайлық клуб үшін рекорд.
Жалпы, Йип осы маусымда 15 матчта 12 (6+6) ұпай жинады.
Маусымаралық кезеңде ол «айдаһарлармен» жаңа төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.