Бублик Италиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті
![Бублик Италиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/203991_36a8a7cfa5b7c2f673914fa3ea139f2f.jpg?v=28661461)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Флоренцияда өткен ATP 250 сериясы турнирін жекелей сында сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық Чили өкілі Кристиан Гаринді 7-5, 6-2 есебімен сенімді ұтты.
Бублик үшін бұл ATP сериясы турниріндегі 100-жеңіс.
Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.