Тимофей Скатов «Челленджердің» ең жас қазақстандық жеңімпазы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТимофей Скатов «Челленджерде» жеңіске жеткен ең жас қазақстандық теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«21 жастағы Тимофей Скатов Александр Бубликтен кейін ATP Challenger турнирінің қазақстандық ең жас чемпионы атанды», - деп жазды ATP Challenger Tour твиттерде.
Еске салайық, Тимофей Скатов карьерасында алғаш рет Пармадағы (Италия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің жекелей сынында жеңіске жеткен. Ол финалда Словакия өкілі Йозеф Коваликтен 7-5, 6-7, 6-4 есебімен басым түскен болатын.
Қазақстандық үшін бұл карьерасындағы «Челленджердің» екінші финалы. 2021 жылдың маусым айында Тимофей Скатов Алматыда өткен ATP Challenger Tour турнирінің жеңімпазы атана алмады.