русский язык
Командалық

3х3 баскетболдан Қазақстан командасы Бухаресттегі әлем кубогын аяқтады

3х3 баскетболдан Қазақстан командасы Бухаресттегі әлем кубогын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Румыния астанасы Бухарестте 3х3 баскетболдан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ең ірі жарыс – әлем кубогы өтіп жатыр.

Бүгін аталған сында топтық кезеңдер аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы өз тобындағы ең соңғы орында қалып, турнирдің жартылай финалына өте алған жоқ.

3х3 баскетболдан U-23 жастар арасындағы әлем кубогі аталған спорт түріндегі үздіктердің басын қосты. Төрт топқа бөлінген 20 команда бір-бірімен өзара ойнап, әр топта үздік шыққан екі құрама жартылай финалға жолдама алады. Әлемдік бәсекеге Қазақстан командасы да шақырту алды. Бұл сында Қазақстан намысын Рүстем Лұқманов, Сиднейсейіт Айханов, Әділхан Марат және Темірлан Жүнісовтер қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;