«Тұран» шабуылшысы ҚПЛ-дағы 50-ші матчын өткізді
![«Тұран» шабуылшысы ҚПЛ-дағы 50-ші матчын өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/203991_2a691eb2eac81a748b3306e15dce2f46.jpg?v=28703062)
«Тұранның» 29 жастағы шабуылшысы Шоқан Абзалов Премьер-лигада «Ақжайықпен» (1:1) өткен матчта өзінің 50-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қызылорда футболының түлегі Шоқан Абзалов 2019 жылдың 27 сәуірінде Астанада «Шахтермен» (0:1) өткен кездесуде «Қайсар» сапында Премьер-лигада алғашқы ойынын өткізді. Ол 72-минутта Мақсат Байжановтың орнына қосалқы құраммен шықты.
«Қайсар» сапында барлығы 34 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.
«Тұран» сапында бүгінге дейін 16 матч өткізіп, 3 гол соққан.
Премьер-лигада барлығы 50 матч өткізіп, 5 гол соқты.