русский язык

Вороговский бельгиялық клубтың жеңіске жетуіне көмектесті

Вороговский бельгиялық клубтың жеңіске жетуіне көмектесті

Бельгиялық «Моленбек» ел чемпионатының екінші дивизионының 8-туры аясындағы ойында өз алаңында «Беершотты» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Моленбек» «Беeршотты» 2-0 есебімен жеңді. 40-минутта Люк Плунге алаң иелерін алға шығарса, 63-ші минутта Микаэль Бирон екінші голды соқты.

«Мoленбектің» негізгі құрамында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский шығып, бүкіл матчты өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;