русский язык
Футбол

Әзірбайжан құрамасы ескертуді аз алғанының арқасында финалға өтті

Әзірбайжан құрамасы ескертуді аз алғанының арқасында  финалға өтті

Қазақстан Президенті кубогы таласқа түскен халықаралық турнирдің алғашқы финалисі атағын Әзірбайжан жасөспірімдер құрамасы иеленді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Топтық турнирдің соңғы матчында әзірбайжандық жас футболшылар грузиялық құрдастарымен кездесіп, өзара бірінші орынды сарапқа салған болатын. Дегенмен есеп 0:0 есебімен аяқталды.

Нәтижесінде Әзірбайжан мен Грузияның еншісінде 7 ұпайдан болды. Салынған және жіберілген голдардың айырмашылығы да бірдей екен (4-1). Турнир ережесіне сай, мұндай жағдайда сары және қызыл қағаздарды аз алған команда жоғары орынға ие болады. Осылайша аз ескерту алған Әзірбайжан құрамасы, топтық кезеңде бірінші орын алып, финалға өтті.  

 

Грузия – Әзірбайжан 0:0 (0:0)
Грузия: Гугешашвили, Николеишвили, Асатиани, Капианидзе, Харабадзе, Вирубови, Нинуа, Кимеридзе (Барабадзе, Спандерашвили), Чакветадзе, Кавтарадзе, Лурсманишвили. Резерв: Кересемидзе, Кикалишвили, Касрелишвили, Коплатадзе, Озбетелашвили.
Әзірбайжан: Хусейнов М., Сейлигли, Хасанов (Хусейнов А.), Асадов, Гадирзаде, Набиев, Гулер, Гасимов (Мехдиев), Гараев, Мултарлы, Оксуз (Гасимли). Резерв: Ибрагимов, Хазиев, Ахмадов, Бадалзаде.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;