Давид Лемье: «Головкинмен кездесуге дайынмын, мәселе - қаржыда»
Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Давид Лемье қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
- Головкинмен қазір-ақ кездесуге дайынмын, барлық мәселе қаржыға тіреліп тұр. Егерде, қаржылық тұрғыда бәрі жақсы болса, онда Геннадиймен кездесемін. Мен орта салмақтағы ең мықты боксшылармен жұдырықтасуға дайынмын. Головкин - ұлы чемпион, бірақ бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайындалсам оны жеңетініне сенімдімін, - деді канадалық боксшы.
Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Давид Лемье франциялық Хассан Нжикамды ұтып IBF тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.
Boxingscene.com сайтынан*