Ауыр атлетика

Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама анықталды

Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама анықталды
news-banner7
mobile-news-top

8-16 қазан аралығында Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Сары құрлықтағы 29 елдің 186 (84 әйел, 102 еркек) зілтеміршісі кім мықтыны анықтайды. Қазақстан құрамасы барлық салмақта (ерлер 10, әйелдер 8) спортшы апарады.

Әйелдерден: Арай Нұрлыбекова, Дарья Балабаюк, Зульфия Чиншанло, Айша Омарова, Карина Кузганбаева, Айым Есжанова, Любовь Ковальчук, Айзада Мүптілда.

Ерлерден: Рахат Бекболат, Нұрғиса Әділетұлы, Өтепберген Әлиев, Бексұлтан Айтбай, Ренат Баударбеков, Асылжан Бектай, Арли Чонтей, Анатолий Савельев, Артем Антропов, Кирилл Староверкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер