Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
![Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/201131_fe46de28c992a75b8e7e2b381a9d6d3b.png?v=28650904)
«Қазақ» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Америка Құрама Штаттарында өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Аргентина боксшысы Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) жұдырық түйістіру алдында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды.
Жекпе-жек АҚШ уақытымен 7 қазанда (Астана уақытымен 8 қазан – авт.) Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.