русский язык
Футбол

Испаниялық жаттықтырушылар елімізде шеберлік сабағын өткізді

Испаниялық жаттықтырушылар елімізде шеберлік сабағын өткізді

24 маусым күні «Астана Арена» спорт кешенінде Испания жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары «Астана» футбол орталығының 2005 жылғы тәрбиеленушілеріне шеберлік сабағын өткізді.

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, испаниялық мамандар астаналық жас футболшыларға бірқатар жаттығуларды көрсетті. Сонымен қатар, жұмыс әдістемесімен бөлісті. Шеберлік сабағынан кейін жасөспірім футболшылар мен испаниялық жаттықтырушылар суретке түсті.

«Жақсы әсер алдық. Барлығы көңілді өтті, - дейді Испания жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Сантьяго Дения. - Біз балалармен жұмыс істеу арқылы өзімізге де жаңа тәжірибе алдық. Біздің мақсат жаттығуларды еркін түрде жеткізу болды. Қазақстандық футболшылардың ішіінде дарынды балалар бар. Алайда, олар жаттығуды жалғастырып, бапкерлерін тыңдауы тиіс».

 

 

 

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;