русский язык
Футбол

«Тобыл» қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

«Тобыл» қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

Футболдан ел чемпионатының 17-турында «Ақтөбе» өз алаңында «Тобылдан» үш ұпайды тартып алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч жергілікті жанкүйерлер үшін сәтсіз басталды. 6-минутта Игорь Юрин гол салып, қонақтарды алға шығарды. Ақтөбеліктер ұзақ уақыт бойы таразы басын теңестіре алмай, әуре болды. Тек 77-минутта ғана Маркос Пизелли тоблодағы көрсеткішті бірдей қылса, араға екі минут салып Данило Неко алаң иелеріне жеңіс алып келді. Қорытынды есеп – 2:1.

Осы жеңісінің арқасында «Ақтөбе» 37 ұпаймен көш басындағы орнын нығайта түссе, «Тобыл» 18 ұпаймен 9-сатыда қалды.

«Ақтөбе» - «Тобыл» 2:1 (0:1)

Голдар: Юрин 6 (0:1), Пизелли 77 (1:1), Неко 79 (2:1)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;