русский язык
Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» Астанада аутсайдер командадан ұтылды

ҚХЛ: «Барыс» Астанада аутсайдер командадан ұтылды

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» өз алаңында нижнекамскілік «Нефтехимикпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Турнир кестесінде қазақстандық клуб Шығыста алтыншы орынға тұрақтаса, ресейлік клуб осы конференцияда ғана емес, бүкіл лигада соңғы сатыға жайғасқан еді.

Елордалықтар өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып қалды.

6 қазанда «Барыс» сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедосымен» ойнайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;