ММА

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің топ-10 қатарына оралды

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің топ-10 қатарына оралды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы топ-10 рейтингінің қатарына қайта енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ жұлдызы Хорхе Масвидаль екі сатыға төмендегеннен кейін Рахмонов 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

«Номад» кейінгі жекпе-жегін 25 маусымда өткізіп, екінші раундта америкалық файтер Нил Магниді жеңген болатын. Осы жеңістен кейін Шавкат өз дивизионында UFC рейтингінің алғашқы ондығына енген. Дегенмен, тамыз айының басында америкалық Джефф Нил бразилиялық Висенте Люкені жеңгеннен кейін 13-орыннан 8-орынға көтерілген болатын.

Фото Getty Images

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер