Бразилиялық аңыз боксшы қайтыс болды
![Бразилиялық аңыз боксшы қайтыс болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/201736_49c538627788a737a8c4312ee7c75502.jpg?v=28658913)
2 қазанда аты аңызға айналған бразилиялық боксшы Эдер Жофре 87 жасында Сан-Паулуда (Бразилия) қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жофре Бразилия құрамасы сапында 1956 жылғы Олимпиадаға қатысып, 1957-1976 жылдар аралығында кәсіпқой бокста бақ сынаған.
1960 жылы қарашада ол жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды, ал 1973 жылы жартылай жеңіл салмақ санатында чемпион болды
Эдер мансабын 72-2-4, 50 КО рекордымен аяқтаған. Бір қызығы, екі жеңілісі де жапониялық Масахико Харадаға қарсы кездесуде тіркелген (ұпай санымен).
1992 жылы Джофр Халықаралық бокс даңқ залына енді.