русский язык
Футбол

Пепе Рейна бұрынғы клубына оралды

Пепе Рейна бұрынғы клубына оралды

«Баварияның» испаниялық қақпашысы Пепе Рейна италиялық «Наполиге» ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

32 жастағы голкипер италиялықтармен үшжылдық келісім-шартқа отырды. Испаниялық бұған дейін де «Наполидің» намысын қорғаған болатын. Рейна 2013/14 жылғы маусымда осы неапольдіктердің сапында өткізген.

Өткен маусым қақпашы үшін сәтті өткен жоқ. Рейна «Бавария» сапында 3 қана ойын өткізіп, 1 гол жіберді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;