Ұлттық спорт

Дәурен Абаев: Батыр бабаларымыздың жорық жолын жаңғыртқан, елдің рухын оятқан жоба болды

Дәурен Абаев: Батыр бабаларымыздың жорық жолын жаңғыртқан, елдің рухын оятқан жоба болды
news-banner7
mobile-news-top

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге марафонының мәресінде төл құндылықты түгендеп, ұлттық келбетті оятқан бірегей жоба келешекте де жалғасуы қажет екенін жеткізді.

«Баршамыз Ұлы даланы дүбірге бөлеген, 1 200 шақырымды бағындырған айтулы аламанның қорытынды сәтін тамашалап тұрмыз! Бұл – бұрын-соңды болмаған марафон-бәйге. Отандық спортымыз үшін де, төл руханиятымыз үшін де теңдессіз тарихи оқиға. Кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістанға жасаған іссапарында «Ұлы дала жорығы» бәйгесінің мән-маңызына ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы ұлт жадын жаңғыртуда мұндай аламандардың айрықша қажет екенін баса айтты. Сондықтан бұл бәйгені кешегі батыр бабаларымыздың жорық жолын жаңғыртқан, елдің рухын оятқан жоба болды деуге толық негіз бар», – деді Дәурен Абаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер