русский язык
Футбол

Исламхан: «Еуропада осал ұжымдар жоқ»

Исламхан: «Еуропада осал ұжымдар жоқ»
«Қайрат» футбол клубының капитаны Бауыржан Исламхан Еуропа лигасының бірінші кезеңі аясындағы «Црвена Звездаға» қарсы кездесу туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Еуропада осал ұжымдар жоқ. Әр ойынға тыңғылықты дайындалу керек, - деп бастады Исламхан алматылық клубтың баспасөз-қызметіне берген сұхбатында. «Црвена Звезда» - мықты команда, әйтсе де сербиялық команданы ұта аламыз деп ойлаймын. 
 
- Бұл жұптың фавориті кім деп ойлайсыз?
 
- Меніңше, біздің жұпта фаворит пен аутсайдер жоқ. 
 
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш кездесу 2-ші шілде күні Сербияда өтсе, ал қарымта ойын шілденің 9-ы Алматыда өтеді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;