русский язык
Футбол

Соарес «Қайратқа» ауысты

Соарес «Қайратқа» ауысты
«Қайрат» бразилиялық қорғаушы Бруно Габриэл Соареспен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдейді. Бразилиялық ойыншы бұған дейін германиялық «Дуйсбург» сапында өнер көрсетіп, Германия кубогының финалына дейін жеткен екен. Кейін, Соарес дюссельдорфтық «Фортунаға» ауысқан болатын. 
 
Соареспен келісімшарт үш жылға жасалды. Ойыншы алматылық командада 4-ші нөмірмен өнер көрсетеді.  
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;