русский язык
Футбол

Ресейдің Фабио Капелло алдындағы қарызын Әлішер Усманов төлейтін болды

Ресейдің Фабио Капелло алдындағы қарызын Әлішер Усманов төлейтін болды

Футболдан Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері итальялық маман Фабио Капеллоның айлар бойы төленбей келген жалақысын миллиардер Әлішер Усманов төлеп беруге келісті.

"Футболдан әлем біріншілігін өткізу үшін құрылған "Ресей-2018" ұйымдастыру комитетіне қарасты жанашырлар кеңесінің мүшесі бола отырып, кәсіпкер Әлішер Усманов Ресей футбол федерациясына 300 млн доллар көлемінде қаржылай көмек беруді жөн санады" делінген Усмановтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, аталған қаражат Ресей футбол федерациясының Капелло алдындағы қарызын өтеу үшін толықтай жеткілікті.

 
Baq.kz сайтынан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;