Ұлттық спорт

«Ұлы Дала жорығы»: шабандоздар межелі мың шақырымды бағындырды

«Ұлы Дала жорығы»: шабандоздар межелі мың шақырымды бағындырды
news-banner7
mobile-news-top

«Ұлы Дала жорығы» республикалық бәйге марафонының оныншы кезеңінде шабандоздар Түркістан облысындағы қарт Қаратаудың баурайына аялдады.

Марафон-бәйгенің тоғызыншы күнінің қорытындысы бойынша, алғашқы үздік үштіктің қатарында – Ақтөбе командасы 87 сағат 10 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Маңғыстау шабандоздары 87 сағат 22 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 89 сағат 50 минутта үшінші болып келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан жұртшылығымен кездесуі кезінде «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйге турасында арнайы тоқталды. Президент мәлімдемесі республика көлемінде өтіп жатқан дүбірлі доданың мән-маңызын айшықтай түсті.

«Жақында Астанадан бастау алған «Ұлы Дала жорығы» санаулы күннен соң Түркістанда өз мәресіне жетеді. Мұның зор символдық мәні бар. Осы өңірде халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы сақталған. Бір сөзбен айтқанда, Түркістан – халқымыздың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені», – деді Президент.

Қазір жарыс сапында 6 команда келе жатыр. Кешегі күн қортындысы бойынша, тағы екі команда – Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы командалары жарыс жолынан шығып қалды.

Десе де аузымен құс тістеген кілең мықтылар арасындағы нағыз азаматтар мен қазанаттар шешуші сәтте көрінетіні анық. Марафон қатысушылары «Ұлы Дала жорығы» бәйге-марафоны дәстүрлі түрде өтуі үшін дайындық жұмыстарын бүгіннен бастауға әзір екендіктерін жеткізіп, үндеу тастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер