русский язык
Футбол

Владимир Газзаев «Нымме Калью» туралы

Владимир Газзаев «Нымме Калью» туралы

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бізге түскен, ұлттық біріншілігінде көш бастап келе жатқан қарсыласымызға құрметпей қараймыз. Әрине, «Нымме Калью» клубына қарсы алдағы кездесуге толыққанды дайындаламыз. Алайда қазір алда келе жатқан чемпионаттағы екі ойын туралы ойлағанымыз жөн», - деді Газзаев.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» эстониялық «Нымме Калью» клубымен кездеседі. Алғашқы матч 2 шілдеде Қазақстанда өтсе, қарымта кездесу бір аптадан соң Эстонияда болады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;