Головкиннің 2022 жылғы гонорары белгілі болды
![Головкиннің 2022 жылғы гонорары белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202209/201736_92823ad29a9ece495faebb5b211b0528.jpg?v=28700683)
Америкалық SerEbro EnlosDeportes Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) 2022 жылғы гонорарын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
«Головкин 40 жаста болса да, әлі де көп табыс таба алады. Биыл Геннадий Мурата мен «Канелоға» қарсы екі жекпе-жегі үшін 60 миллион долларға жуық гонорар алды. Оның үстіне бұған демеушілік төлемдер және т.б. табыс қосылады, – деді арна авторы.
Айта кетейік, Головкин биыл ақпанда жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген. Ал қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен (58-2-2, 38 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.