русский язык
Бокс

Бекзат Нұрдәулетов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Бекзат Нұрдәулетов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов өзінің инстаграм парақшасында кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басылымда Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегіне дейін оқу-жаттығу процесін аяқтап, Польшаның Люблин қаласына аттанатынын атап өтті.

«Ер азығы жолда.

Кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жек алдындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, Польшаның Люблин қаласына сапарға шықтық.

1 қазан күні сіздердің қолдауларыңызбен елімізді қуантып, көк байрағымызды желбіретуге бар күш-жігерімді салатын боламын.

Алға, Қазақ елі!», деп жазды Нұрдәулетов.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;