Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы белгілі болды
![Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202209/472_f2094dfbbf3bdb3c3b427d4e2c89c61b.jpg?v=28703548)
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (18-0, 17 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кособуцкий 5 қарашада Оберхаузен (Германия) қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген германиялық боксшы Хусейн Мохамед (17-0, 14 КО) болады. Қазіргі уақытта Жан Кособуцкийдің иелігіндегі WBC International титулы сарапқа салынады.
Кособуцкий кейінгі жекпе-жегін 22 мамырға қараған түні Гамбургте (Германия) өткізген. Онда ол французиялық Жоан Дюопты (39-7, 26 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Ал Хусейн Мухамед 24 қыркүйекте Леверкузенде грузиялық боксшы Шалва Джомардашвилиді (34-19-2, 25 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202209/472_cb1a024f50939cf629337b861b4f8eec.jpg)