Жеңіл атлетика

Астанада эстетикалық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада эстетикалық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

1-2 қазан аралығында Aspan спорт кешенінде (Е-697 көшесі) эстетикалық гимнастикадан ел чемпионаты өтеді.

Жарысқа Маңғыстау облысы және Алматы, Шымкент, Астана қаласының 160-тан астам спортшысы қатысады. Атап айтқанда 21 команда үш жас санатында сынға түседі. Олар: 12-14 жас, 14-16 жас (жасөспірімдер) және 16 жастан жоғары гимнастар.

Барлық жанкүйер үшін жарысқа кіру тегін. Жеңімпаздар 24-28 қараша аралығында өтетін Австрияның Грац қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Чемпионаттың ашылу салтанаты 1 қазан, сағат 11.00-ге жоспарланған. Айта кетейік, чемпионаттың бас төрешісі – Қазақстан эстетикалық гимнастика федерациясының президенті Мадина Бектұрғанова.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер