Ұлттық спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан Түркияға көкпар аттарын апармайды

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан Түркияға көкпар аттарын апармайды
news-banner7
mobile-news-top

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын қазақстандық құрама команда Түркияға жарыс аттарын апармайды. Тиісінше көкпар және Қырғыздың ұлттық ойыны «Көк бөрі» спортына қажетті жылқыларды ұйымдастырушы ел тарапынан жалдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, жылқыны шетелге шығару үшін бірнеше талап бар. Біз жарты жыл бұрын Қырғызстанмен бірлесіп жұмыс істедік. Яғни, аттарды арнайы ұшақпен алып бардық. Қазіргі кезде Қырғыз мемлекетімен істеген жұмысымыз болмай жатыр. Олар да аттарын алып бармайды. Біз негізі бірлесіп апаруымыз керек болатын. Талаптар орындалмады, ұшақпен апару мәселесі келісілмей қалды», - деп жеткізді Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Ал Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов сайыстарға қатысатын аттарды Түркия тарапынан жалға алатынын мәлімдеді.

«Аттарды біз Түркия мемлекетінен жалға алып отырмыз. Түркияның біздің көкпарға ұқсайтын «Жирит» деген спорт түрі бар. Сонымен айналысып жүрген аттар біздің көкпарға келетін болғандықтан, біз солармен ресми келісімшартқа отырып, аттарын аламыз. Олар бізге жалға береді, біз ақшасын төлейміз. Қазіргі таңда 1 жылқыны күніне 300 долларға жалдаймыз деп келісіп отырмыз. Бірақ ол жылқының деңгейіне де байланысты болады», - деді Бақдәулет Сәбитов.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер