Семей тұрғындары «Елімайды» Бірінші лигаға қатыстыруды сұрап, петиция жолдады

Семей тұрғындары «Елімайды» Бірінші лигаға қатыстыруды сұрап, петиция жолдады
news-banner7
mobile-news-top

Семей қаласының футбол қауымы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловқа хат жазып, «Елімайдың» 2023 жылғы маусымда Қазақстан Бірінші лигасына қатысуына рұқсат беруді сұрады, деп жазады Prosports.kz.

Жарыс ережесіне сәйкес, клуб келер жылы Қазақстан Екінші лигасында бақ сынауы керек.

Бірақ жергілікті футбол жанкүйерлерінің бұл мәселеде өзіндік пікірі бар. Олар клуб жабылар алдында Бірінші лигада өнер көрсеткенін айтады. Сондай-ақ, Семейдің Қазақстан футболының отаны екенін және «Елімай» клубының қайта жандануы өңірде осы спорт түрін кеңінен насихаттауға үлкен серпін беретінін ескерген жөн.

Сонымен қатар, Екінші лига құрамына қарасаңыз, онда негізінен фарм-клубтар бақ сынайды, олар «Елімайдың» деңгейде емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер