Бокс

Бекзад Нұрдәулетов қазанда жекпе-жек өткізеді

Бекзад Нұрдәулетов қазанда жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетовтің (5-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белігілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Adal Promotions промоутерлік компаниясы хабарлағандай, Бекзад 1 қазанда Люблин қаласында (Польша) рингке шығады. Бекзадтың қарсыласы грузиялық боксшы Яго Кизирия (6-8, 4 КО) болады.

Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетов кейінгі жекпе-жегін 11 маусымда Ақтауда өткізді. Онда отандасы Михаил Коханчикті (4-1, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Нұрдәулетов әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында (2019) алтын медаль алған.

Кизирия бұған дейін 5 тамыз күні Польшаның Мрагово қаласында жергілікті боксшы Павел Штепеннен (18-0-1, 12 КО) жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер