Командалық

Волейболдан ӘЧ: Германия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Волейболдан ӘЧ: Германия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

26 қыркүйекте Арнем қаласында Қазақстан құрамасы 2022 жылы әйелдер арасындағы волейболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Германия құрамасына қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші турда германиялық волейболшылар Болгарияны 3:1 (25:22, 21:25, 25:23, 25:21) есебімен жеңген. Қазақстандық спортшылар АҚШ құрамасынан 0:3 (16:25, 13:25, 22:25) есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді Қазақстан құрамасын тағы бір қиын ойын күтіп тұр.

Германия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:30-да басталады. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. Бұл ойынның басталуы Жапония - Чехия кездесуінің аяқталу уақытына байланысты болады.

Фото volleyballworld.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер