УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қалай өнер көрсетті

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қалай өнер көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасындағы жорығын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

С лигасының 3-тобында өнер көрсеткен жерлестеріміз 6 ойында 13 ұпай жинап, өз тобында көш бастады. Әрі В лигасына жолдама алып, 2024 жылы Еуропа чемпионатына берілер бір жолдамаға таласу мүмкіндігіне ие болды.

Магомед Адиев шәкірттері соңғы турда Әзербайжан құрамасынан 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ оған дейінгі бес матчта төрт рет жеңіп, бір мәрте тең ойнаған.

Енді 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының өнеріне шолу жасап көрейік.

Наурызда Андрей Карпович бастаған Қазақстан құрамасы қос ойынның қорытындысында Молдованы жеңіп (пенальти сериясында) Ұлттар лигасының С дивизионындағы орнын сақтап қалды.

2022 жылы 6 мамырда бұған дейін қарағандылық «Шахтерді» жаттықтырған ресейлік маман Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды.

3 маусым күні 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы басталды. Қазақстан құрамасы 10 күнде 4 матч өткізді. Ең кереметі біздің жігіттер 3 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте тең ойнады да, 10 ұпай жинап, топа бірінші орынға шықты. Топ фавориті саналған Словакияны екі кездесуде де жеңді.

Алғашқы матч «Астана Аренада» 3 маусым күні өтті. Адиев шәкірттері Әзербайжанды 2:0 есебімен сенімді жеңді. Қос голды да Абат Айымбетов соқты.

Қазақстан — Әзербайжан - 2:0 (0:0)

Гол соққан: Аймбетов, 50 (1:0), Аймбетов, 60 (2:0)

Қазақстан: Шацкий, Әліп, Ахметов (Малый, 79), Дарабаев, Тағыберген (к) (Жарынбетов, 84), Байтана (Оразов, 46), Вороговский, Қайыров, Аймбетов (Шушеначев, 79), Марочкин, Э.Астанов (Қуат, 73).

Әзербайжан: Магомедалиев, Салахлы, Мустафазаде, Медведев (к), Хагверди, Э.Махмудов (Назаров, 79), Рен.Дадашов (Алескеров, 68), Эмрели (Шейдаев, 79), Исрафилов, Б.Гусейнов (Байрамов, 79), Исаев (Нуриев, 68).

undefined

Қазақстан құрамасы араға үш күн салып сырт алаңда Словакиямен кездесті. Бұл ойында айқын фаворит алаң иелері болғанына қарамастан біздің құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев соқты.

Словакия — Қазақстан - 0:1 (0:1)

Гол соққан: Дарабаев, 26 (0:1)

Словакия: Родак, Хватал, Вайсс (Суслов, 46), Руснак (Боженик, 71), Шкриньяр (к) (Вальент, 43), Дьёмбер, Косцелник (Стрелец, 83), Шранц (Гараслин, 46), Куцка, Алмаши, Лоботка.

Қазақстан: Шацкий, Малый, Әліп, Қуат (к), Дарабаев (Жарынбетов, 73), Аймбетов (Шушеначев, 65), Досмағамбетов, Габышев (Қайыров, 65), Оразов (Вороговский, 59), Марочкин, Э.Астанов (Васильев, 73).

Алғашқы екі ойында 6 ұпай жинаған Адиев шәкірттері 10 маусым күні Беларусь құрамасына қонаққа барды. Саяси жағдайларға байланысты Сербия жерінде өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Абат Айымбетов тағы да мергендік танытты.

Беларусь — Қазақстан - 1:1 (0:1)

Гол соққандар: Малькевич, 84 (1:1) —Аймбетов, 13 (0:1)

Беларусь: Павлюченко, Печенин, Хадаркевич, Быков, Эбонг, Бахар (Малькевич, 65), Яблонский (к) (Климович, 81), Юденков (Громыко, 46), Седько (Богомольский, 46), Волков, Бегунов (Шевченко, 76).

Қазақстан: Шацкий, Малый, Әліп, Қуат (к), Дарабаев (Досмағамбетов, 77), Вороговский (Сүйімбаев, 58), Қайыров, Аймбетов (Шушеначев, 67), Оразов (Жарынбетов, 67), Марочкин, Э.Астанов (Васильев, 77).

Сырт алаңда қатарынан екі матч өткізген Қазақстан құрамасы 13 маусымда Астанада Словакияны қабылдады. 28 745 көрерменнің көз алдында қазақстандық футболшылар тағы да сенсация жасап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ян Вороговксий мен Элхан Астанов мергендік танытты.

Қазақстан — Словакия - 2:1 (2:0)

Гол соққандар: Вороговский, 18 (1:0), Э.Астанов, 39 (2:0) Беро, 51 (2:1)

Қазақстан: Шацкий, Малый, Әліп, Э.Астанов (Логвиненко, 83), Дарабаев (Ерланов, 88), Тағыберген (к), Вороговский (Оразов, 73), Аймбетов (Самородов, 88), Досмағамбетов, Габышев (Қайыров, 73), Марочкин.

Словакия: Родак, Пекарик, Вальент, Дуда, Руснак (Стрелец, 72), Грошовски, Хватал (Де Марко, 46), Дьёмбер, Гараслин (Суслов, 88), Куцка (к), Беро (Алмаши, 82).

undefined

Осылайша, маусым айындағы ойындар аяқталды, Қазақстан құрамасы жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ.

Турнир үш айдан кейін қайта жалғасты. Адиев шәкірттері тағы да тамаша нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін 6 рет кездесіп, бірде-бір мәрте жеңе алмаған Беларусь құрамасын «Астана Аренада» жеңді. Есеп - 2:1. Одан да маңыздысы құрамамыз мерзімінен бұрын В дивизионына жолдама алып, ЕУРО-2024 жолдамасына таласу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ойында Михаил Габышев пен Бахтиер Зайнутдионв көзге түсті. Сонымен қатар, матчты тамашалауға 29 632 көрермен келіп, рекорд жаңарды.

Қазақстан — Беларусь - 2:1 (1:1)

Гол соққандар: Габышев, 29 (1:0), Зайнутдинов, 79 (2:1) Савицкий, 45+3 (1:1)

Қазақстан: Шацкий, Малый, Әліп, Дарабаев, Тағыберген (к), Вороговский, Габышев (Қайыров, 68), Аймбетов (А.Жұмабек, 87), Зайнутдинов (Қуат, 87), Оразов (Э.Астанов, 75), Марочкин.

Беларусь: Хаткевич, Печенин, Швецов, Шевченко (Малькевич, 84), Поляков, Савицкий (Громыко, 76), Эбонг, Богомольский (Бахар, 61), Яблонский (к), Юденков, Климович (Р.Лисакович, 61).

undefined

Қазақстан құрамасы турнирді жеңіліспен аяқтады. Мерзімнен бұрын тапсырманы орындап тастағандықтан болар, соңғы ойында команда құрамында біршама өзгеріс болды. Жас шабуылшы Абылайхан Жұмабек негізгі құрамда шықса, Сергей Малый мен Абат Айымбетов қосалқы құрамда қалды. Ал Бахтиер Зайнутдионов матчқа қатысатындар тізіміне енген жоқ. Оның үстіне 35-минутта қорғаушы Нұралы Әліп алаңнан қуылылып, біздің құрама бір сағат бойы 10 адаммен өнер көрсетті. Бұл кездесудер Әзербайжан 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Әзербайжан Қазақстан 3:0 (0:0)

Гол соққандар: Марочкин 66 (в свои ворота – 1:0), Озобич 74 (2:0), Нуриев 90+1 (3:0)

Әзербайжан: Магомедалиев, Джафаргулиев (Байрамов 58), Мустафазаде, Гусейнов, Хагверди, Озобич (Нуриев 88), Исрафилов (Исаев 46), Кекчю (Эмрели 46), Шейдаев, Дадашов (Гурбанлы 46).

Қазақстан: Шацкий, Досмағамбетов (Вороговский 68), Әліп, Марочкин, Быстров, Қайыров, Дарабаев (Садыбеков 80), Қуат (К), Э. Астанов (Аймбетов 68), Оразов (Жарынбетов 80), Жұмабек (Малый 39).

Осылайша, Қазақстан құрамасы 6 ойында 13 ұпай жинап, С лигасының 3-тобында көш бастады. Бұл топта Әзербайжан құрамасы 10 ұпаймен екінші орын алса, Словакия (7) мен Беларусь (3) үшінші-төртінші сатыға жайғасты.

undefined

2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы. Қазақстан құрамасы

Матч 6
Жеңіс —
4
Тең ойын —
1
Жеңіліс —
1
Соғылған гол —
8
Жіберген гол —
6
Үздік сұрмерген —
Айымбетов (3 гол)
Үздік ассисент —
Тағыберген (2 нәтижелі пас)
Ең көп ойын өткізген —
Шацкий, Марочкин (екеуі де 6 толық матч). Әліп (6 матч, соңғы ойында 35 минут қана).
Дебют Абылайхан Жұмабек (2 ойын), Әділет Садыбеков (1 ойын).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер