Басқа

Қазақстандықтар стенд атудан Әлем чемпионатына аттанды

Қазақстандықтар стенд атудан Әлем чемпионатына аттанды

Бүгін Хорватияның Осиек қаласында стенд атудан Әлем чемпионаты басталды.

Қазанның 12-не дейін 75 мемлекеттен келген таңдаулы 650-ге жуық мерген Париж Олимпиадасына берілетін 16 жолдама үшін таласады. Оның 8-і скит, қалғаны трап бағдарламасында үлестіріледі. Бұл – стен атудан лицензия сарапқа салынып жатқан алғашқы жарыс.

Қазақстан құрамасы чемпионатқа 23 спортшы жіберді. Олар: Әлішер Айсалбаев, Рақым Асади, Максим Бедарев, Артем Чикулаев, Илья Пеньков, Виктор Хасянов, Максим Почивалов, Артем Седельников, Александр Ещенко, Эдуард Ещенко, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Александр Мухамедиев.

Әйелдер: Нұрай Жәнібекқызы, Айжан Досмағамбетова, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева, Сәрсенкүл Рысбекова, Мария Дмитриенко, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Наталья Платонова, Анастасия Прилепина.

 

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0