Басқа

Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінде жеңіске жете алмады

Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінде жеңіске жете алмады

Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің (WGP) бірінші кезеңінің үшінші айналымында қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік кездесулерін тең аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осы айналымға дейін көш басында келе жатқан Бибісара үндістандық Рамешбабу Вайшалимен, ал Жансая неміс шахматшысы Динара Вагнермен тең түсті.

Нәтижесінде Асаубаева бірінші орыннан төртінші орынға төмендесе, Әбдімәлік алтыншы орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0