Бокс

Әлімханұлы Головкинді рингке шақырған боксшыға твиттерде «тиісті»

Әлімханұлы Головкинді рингке шақырған боксшыға твиттерде «тиісті»

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) әлеуметтік желіде өзге әлем чемпиондарына қатысты жазбасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz .

"Чемпиондар! Чемпиондармен жекпе-жек өткізгің келетінін айттыңдар! Мен чемпионмын, жекпе-жек өткізейік! Мәселе неде? Меніңше, 40 жастағы чемпионмен жұдырықтасқың келетінін айту керек еді ғой!", - деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.

Жәнібек бұл жазбаны Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған Эскива Фалькаоға арнап жазды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0