Басқа

Румынияда асық атудан әлем чемпионаты өтті

Румынияда асық атудан әлем чемпионаты өтті

Асық атудан әлем чемпионатында ақмолалық үш спортшы алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаға сілтеме жасап.

Румынияда асық атудан әлем чемпионаты аяқталып, Ақмола облысының спортшылары алтыннан алқа тағынды. Асық ату сайысында Еркебай Сәрсековке тең келер ешкім болмаса, ал бес асықтан Думан Айлана мен Аружан Аманжолова чемпион атанды.

Ақмола облысының бас бапкері Самат Әукеновтің айтуынша, асық атудан да, бес асықтан да Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0